«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

2019 жылдың 25-26 қазан күндері аралығында Жастар жылы аясында Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында өтетін Қ.И.Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойы және Т. Қалмағанбетовтың 140 жылдығына арналған II республикалық Тайжан әндерін орындаушылар байқауы өтеді 2019 жылғы 25 ақпанда Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында дәстүрлі «Достар дауысы» жас ән орындаушылар мен шоу бағдарлама жүргізушілер байқауы өткізілді. Байқауға Сәтбаев Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, «Рухани қазына» Жастар жылы бағыты бойынша, ІІ аймақтық «Достар дауысы» атты ашық вокал және шоу- бағдарлама жүргізушілері байқауы - фестивалінің ЕРЕЖЕСІ 30 қараша – 2 желтоқсан күндері Бұхар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы және Сәтбаев қаласының 45 жылдығы аясында Шынболат Ділдебаевтың атындағы IІ республикалық «Сөйле, тілім, алаңдама, тартынба» атты жас ақындар айтысы өткізілді.

КГКП «Культурно-досуговый центр»

 Геймбух Нина Андреевна
«Сәтбаев қаласының мәдени сауық орталығы» КМҚК-ның директоры 27.04.1962 ж.т

 


Бейсенбеков Аманкелді Мұхамбетқалиұлы  25.04.1985 ж.т  
«Сәтбаев қаласының мәдени сауық орталығы» КМҚК директорының мәдени сұрақтары бойынша орынбасары

 


Сейтжапбаров Батырлан Мұхтарұлы 29.02.1984 ж.т
«Сәтбаев қаласының мәдени сауық орталығы» КМҚК директорының жалпы сұрақтары бойынша орынбасары

 


«Сәтбаев қаласының мәдени-сауық орталығы» КМҚК

«Сәтбаев қаласының мәдени-сауық орталығы» КМҚК қалалық мәдени-бұқаралық ісшараларға жүйелі түрде қызмет көрсету мақсатында Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2005 жылғы қаулысымен құрылған мекеме.
Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 тамыздағы №39/07 қаулысына сәйкес Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайы кешені 2012 жылдың 20 қаңтарынан бастап толығымен Сәтбаев қаласы әкімдігінің меншігіне өтті.

Мәдени-сауық орталығында келесідей үйірмелер жұмыс жасайды:

  • Үрмелі аспаптар оркестрі;
  • «Шындық» шығармашылық бірлестігі;
  • «Сатпаевские зори» ардагерлердің демалыс клубы;
  • «Кеншілер сазы» халық аспаптар ансамблі;
  • «Самоцветы» халықтық ардагерлер хоры;
  • «Импульс» және «Алақай» үлгілі хореографиялық ансамблі;
  • «Нұр Шашу» би тобы;
  •  «Көңілді тапқырлар клубы»;
  • «Вокал» үйірмесі;
  • «Айла» би үйірмесі;
  • «Сазды әуен» жастар шығармашылық бірлестігі

Аймақтық ұлттық өнер орталығы үйірмелер келесі бағыттарда жұмыс жасайды:

  • «Айтыс» үйірмесі;
  • «Жазба ақындар» үйірмесі;
  • «Шешендік өнер» үйірмесі;
  • «Күй керуені» сазды аспапты домбыра үйірмесі;
  • «Жыр - дастан» үйірмесі
  •  «Терме» үйірмесі;
  • «Халық әндерін орындаушылар» үйірмесі;
  • «Ағаш шебері» үйірмесі;
  • «Зергерлік бұйымдар» үйірмесі;
  • «Тоқыма-ою шебері» үйірмесі

Жалпы 24 клубтық құрылым жұмыс жасайды. Бұл үйірмелерде 900 – ге тарта қатысушылар бар. Есептік мерзім ішінде «Мәдени сауық орталығы» КМҚК тарапынан  144  ісшара  ұйымдастырылып – 70,4 мың.адам қамтылды. Өткен жылы осы аралықта 135 ісшара ұйымдастырылып – 90 мың. адам қамтылған болатын.  
Жыл бойы ерекше назар басты күнтізбелік мерейтойлық оқиғаларға басымдылық берілді. Концерттік бағдарламалар барлық мемлекеттік, кәсіптік және әлеуметтік маңызды мерекелерге сәйкес өткізілді. Балалар мен жасөспірімдермен жұмыс жасау негізінде бұқаралық ісшаралар, үйірмелік жұмыс, байқаулар мен фестивалдар жүйелі түрде өтіп тұрады.
Қарттар мен егде жастағы қала тұрғындарымен жұмыс жасау барысында «Шындық» шығармашылық бірлестігінің әдеби-сазды кештері, халық шығармашылығының көрмесі, «Сатпаевские зори» клубындағы би мен демалыс кеші, үрмелі аспаптар оркестрі мен «Самоцветы» халықтық ардагерлер хорының концерттік бағдарламалары өтеді.
Қазіргі таңда мекеме келесі жұмыс бағыттарын іске асыруға басымдық беріп отыр:

  •  Жастар театрының жұмысын жетілдіру;
  •  Жастар мен жасөспірімдерден құралған үрмелі аспаптар оркестрінің екінші құрамын жасақтау;
  •  «Би аумағы» атты жастар жобасын жасау;
  •  Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қарағанды облысының 80 жылдығына арналған ісшаралар өткізу мен ұйымдастыру;
  •  

 

Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайы

Көрермен залы 504 орындық

 

Диско зал

 

Кеншілер сарайының кіреберісі

«Самоцветы» халықтық ардагерлер хор ұжымы

«Кеншілер сазы» ұлттық аспаптар оркестрі

«Алақай» үлгілі би тобы

«Импульс» үлгілі би тобы

Үрмелі аспаптар оркестрі

«Нұр шашу» би тобы

«Қол өнер» үйірмесі, жетекшісі Г.Давут

Жыр - дастан» үйірмесі

 

«Күй керуені» сазды аспапты домбыра үйірмесі

Би үйірмелері жұмысы

«Сәтбаев қаласының мәдени сауық орталығы» КМҚК
Байланыс телефондары: 8/71063/33470, 32559, 37255
Эл.почта

Биография

Қанат Төлеш

Руководитель отдела культуры и развития языков
Задать вопрос в блоге
0
© 2014 Отдел культуры и развития языков города Сатпаев
+7 (71063) 34-44-5 satp_kultura@mail.ru
© 2014 Разработка и поддержка: Интернет компания Creatida