«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

2019 жылғы 25 ақпанда Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында дәстүрлі «Достар дауысы» жас ән орындаушылар мен шоу бағдарлама жүргізушілер байқауы өткізілді. Байқауға Сәтбаев Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, «Рухани қазына» Жастар жылы бағыты бойынша, ІІ аймақтық «Достар дауысы» атты ашық вокал және шоу- бағдарлама жүргізушілері байқауы - фестивалінің ЕРЕЖЕСІ 30 қараша – 2 желтоқсан күндері Бұхар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы және Сәтбаев қаласының 45 жылдығы аясында Шынболат Ділдебаевтың атындағы IІ республикалық «Сөйле, тілім, алаңдама, тартынба» атты жас ақындар айтысы өткізілді. 16 қараша 2018 жылы Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында «Саған арнаймын, әсем қалам!» атты қалалық көркемөнерпаздар шығармашылығы фестивалінің 15 жылдығына орай, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық байқаулар жеңімпаздарының Гала концерті өткізілді.

Ономастика жұмысы

Тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылауға қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%).
Сәтбаев қаласы мен оған қарасты елді - мекендерде көше саны -102, оның 27- і орыс тілінде. Олар: В.Гурба көшесі (металлург-инженер);В.Курьятов көшесі (соғыс ардагері, Никольск компрессор цехының бригадирі); И.Панин көшесі (кенші, стахановшы);Н.Колбасов көшесі (Кеңес Одағының батыры, еңбек жолын Қарсақбайдан бастаған);П.Шаталюк көшесі (кенші); Горняцкая көшесі; Первостроитель көшесі; Комаров көшесі (Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, сынақшы-ұшқыш); В.Пацаев көшесі (ұшқыш - космонавт);М.Горький көшесі (жазушы); А. Пушкин көшесі (ақын).
Жезқазған кентінде:
Киров көшесі, Киров орамы, Линейная көшесі, Октябрьская көшесі, Павлов көшесі, Почтовая көшесі, Садовый – 1,2,3,4 орамдары, Северная көшесі, Фрунзе көшесі, Фрунзе орамы, Чапаев көшесі.
Сәтбаев ауылында:
Клубная көшесі, Почтовая көшесі.
Ауыстыруды қажет ететін моральдық тұрғыдан ескірген көшелердің үлесі - 21,5 %.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың 2015 жылғы 16 сәуірдегі Кеңес Одағы батырларының және бірқатар ордендермен марапатталған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін көшелерге, объектілерге беруді тоқтамнан тыс жүзеге асыру туралы тапсырмасына сәйкес жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы бойынша 72 орамдағы атауы жоқ көшелерге Ә.Тәжбеновтың және М.Нұрышевтың есімдері берілді.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты ономастика саласында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жаңадан бой түзеген 6 ықшамауданға «Нұрлы мекен» атауын беру бойынша материалдар Сәтбаев қалалық мәслихатының қарауына енгізілді. 2016 жылғы 26 тамызда Сәтбаев қаласының 6 ықшамауданына атау беру туралы Сәтбаев қалалық мәслихатының көпшілік тыңдауы өтті. Ендігі кезекте Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулысы және Сәтбаев қалалық мәслихатының бірлескен шешімін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына енгізу үшін, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына жолданды.

Биография

Қанат Төлеш

Руководитель отдела культуры и развития языков
Задать вопрос в блоге
0
© 2014 Отдел культуры и развития языков города Сатпаев
+7 (71063) 34-44-5 satp_kultura@mail.ru
© 2014 Разработка и поддержка: Интернет компания Creatida