«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

23 қазан 2020 жылы Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының жартылай мүсінінің ашылу салтанаты өтті.


Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Сәтбаев қаласындағы Абай көшесі бойында «Нұрлы мекен» шағын ауданында қаланың  сәулет келбетін жақсарту және өскелең ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру бағытында халықтың жүріп-тұруына ыңғайлы баспа бетоннан құйылған тротуар және ұлттық нақыштағы 4 шағын архитектуралық формалар орнатылды. Олар: Жүзік, Торсық, Құмыра, Қобыз бен домбыра және соңғы үлгідегі орындықтар тротуардың ортаңғы және жиегіне орнатылды.

Сонымен қоса, ұлы ақынның құрметіне басылған бетон бойына гранит тақтайшаларына ойып жазылған ақынның 45 нақыл сөздері қойылды.

«Монументті өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, тұғырымен 4,20 метрді құрайтын Абай  Құнанбайұлының ескерткіші орнатылды. Ескерткіш авторлары: Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Суретшілер академиясының корреспонденті, мүсінші – Мұстафин Бейбіт және Қазақстан Республикасы Сәулетшілер Одағының мүшесі Троценко Владимир.

27.10.2020


Вернуться назад

Биография

Қанат Төлеш

Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Задать вопрос в блоге
0
© 2014 Отдел культуры и развития языков города Сатпаев
+7 (71063) 34-44-5 satp_kultura@mail.ru
© 2014 Разработка и поддержка: Интернет компания Creatida