«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

2020 жылғы 10 қыркүйек «Достық үйі» ғимаратында Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері Күлшекенова Айнагүл Жұмашқызының «Әлемді таңдантқан кеңді өлкем» шығармашылық кеші өтті.


Айнагул Жұмашқызы құрған қаламызға аян «Астана» квартеті Францияның астанасы Париж қаласында өткен «Париж аспаны астында қалқыған ән» байқауында бас жүлдені иеленіп еліміздің атын әлемге жария етті. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» демекші Айнагүл Жұмашқызының шәкірттері қаламыздағы барлық мәдени ісшараларға қатысып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлауда. Шығармашылық кеш Абай атамыздың 175 жылдығына орай «Өзгеге көңілім көңілім, тоярсың» атты әнімен ашылып, шәкірттерінің орындауындағы әндермен жалғасын тапты. Кеш иесіне алғыс хат пен сыйлық табысталды. Шығармашылық кеш қаламыздың әнұранына айналған "Сәтбаев вальсі" әнімен қорытындыланды.

 

 

29.09.2020


Вернуться назад

Биография

Қанат Төлеш

Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Задать вопрос в блоге
0
© 2014 Отдел культуры и развития языков города Сатпаев
+7 (71063) 34-44-5 satp_kultura@mail.ru
© 2014 Разработка и поддержка: Интернет компания Creatida