«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

2019 жылғы 29-30 қараша күндері «Жастар жылы» аясында және Қ.И.Сәтбаевтің туғанына 120 жылдығына орай қаламызда алғашқы рет Ш.Ділдебаев атындағы «Ұлы дала үні» атты I халықаралық жас ақындар айтысы өткізілді.


Айтысқа Қытай  Халық  Республикасынан, Монғолия Республикасынан, Қырғызстан Республикасынан және еліміздің  әр өңірінен барлығы 18 жас ақындар қатысты.

      Екі күндік айтыстың қорытындысында бас жүлдені Қанат Мырзахан - Тараз қаласы (1 млн теңге),1 орынды Маратбекова Жұлдызай - Өскемен қаласы  (500,0 мың теңге), 2 орынды Мақаш Абзал - Сәтбаев қаласы (300,0 мың теңге), 3 орынды Нұрқанат Қайрат - Павлодар қаласы (150,0мың теңге) және Сырым Бейсенбек - Қарағанды қаласы (150,0мың теңге) иеленді. Ақын, жыршы-термеші Ш.Ділдебаевтың отбасы тағайындаған арнайы жүлдені Бүркітқазы Әділбек – Қытай халық Республикасы, Абдрауф Орал – Шымкент қаласы, Тлеутай Айшолпан – Семей қаласы иеленсе, арнайы жүлдені Рай Дөңбай – Тараз қаласы, Шахмардан Жібек - Алматы қаласы, Алдабергенов Данияр – Ақтөбе қаласы иеленді. Белсене қатысқан 7 ақынға 50,0мың теңге табысталды.

     Қазылар алқасының төрағасы: М. Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденің иегері – Жүрсін Ерман. Мүшелері: Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, ақын – Муса Тлеуов, Ұлытау ауданының Құрметті азаматы, айтыскер ақын Сейтқазинов Мұқаш, филология ғылымдарының докторы Қарағанды мемлекеттің университетінің доценті - Қойлыбай Асанов, ақын, жыршы – термеші Түсіпов Ізтілеу, айтыскер ақын - Көпбосынов Өміржан, айтыскер ақын - Жаманов Төлеген, «Шындық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дастанов Абдолла.

    Айтыстың жүргізушісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор – Аманжол Әлтай.

30.11.2019


Вернуться назад

Биография

Қанат Төлеш

Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Задать вопрос в блоге
0
© 2014 Отдел культуры и развития языков города Сатпаев
+7 (71063) 34-44-5 satp_kultura@mail.ru
© 2014 Разработка и поддержка: Интернет компания Creatida