«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

2019 жылдың 25-26 қазан күндері аралығында Жастар жылы аясында Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында өтетін Қ.И.Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойы және Т. Қалмағанбетовтың 140 жылдығына арналған II республикалық Тайжан әндерін орындаушылар байқауы өтеді


 2019 жылдың 25-26 қазан күндері аралығында Жастар жылы аясында Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында өтетін Қ.И.Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойы және Т. Қалмағанбетовтың 140 жылдығына арналған II республикалық Тайжан әндерін орындаушылар байқауы өтеді. Байқауға Қазақстан Республикасының Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат», «Достық» орденінің иегері, қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Қайрат Байбосынов құрметті қонақ ретінде қатысады. Байқаудың төрағасы Тайжан әндерін насихаттаушы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі –Ғалым Мұхамедин, Батыс Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері – Хатимолла Бердіғалиев, Астана қаласынан Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстазы – Айтбек Нығызбаев, Алматы қаласынан Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының бөлім меңгерушісі – Амангелді Күзеубай, Қарағанды қаласынан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Тәттімбет атындағы музыкалық колледждің студенті – Жақсыгелді Кемелов, Көкшетау қаласынан Біржан сал колледжінің директоры – Саян Мұхамедияров және Сәтбаев қаласынан Сәтбаев қаласының мәдени сауық орталығы жанынан құрылған аймақтық ұлттық өнер орталығының дәстүрлі ән үйірмесінің жетекшісі – Дәрігүл Алдажанова төрелік етеді.

Байқауға республикамыздың әр өңірінен 17 үміткер құжат тапсырды.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Алматылық Жаннұр Мұсылманбек, 1-орынды Қызылорда облысынан келген Ерлан Ыбырайхан, 2-орынды Шымкенттік Әміржан Бекниязовқа, 3-орын Шығыс Қазақстан облысынан келген  Талант Мәжитовке және Батыс Қазакқстаннан келген Мирлан Жамбуловқа бұйырды. Тайжан атамыздың ұрпақтары қатысушыларға ақшалай сый жасады.

 

08.11.2019


Вернуться назад

Биография

Қанат Төлеш

Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Задать вопрос в блоге
0
© 2014 Отдел культуры и развития языков города Сатпаев
+7 (71063) 34-44-5 satp_kultura@mail.ru
© 2014 Разработка и поддержка: Интернет компания Creatida