«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

2019 жылғы 25 ақпанда Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында дәстүрлі «Достар дауысы» жас ән орындаушылар мен шоу бағдарлама жүргізушілер байқауы өткізілді. Байқауға Сәтбаев Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, «Рухани қазына» Жастар жылы бағыты бойынша, ІІ аймақтық «Достар дауысы» атты ашық вокал және шоу- бағдарлама жүргізушілері байқауы - фестивалінің ЕРЕЖЕСІ 30 қараша – 2 желтоқсан күндері Бұхар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы және Сәтбаев қаласының 45 жылдығы аясында Шынболат Ділдебаевтың атындағы IІ республикалық «Сөйле, тілім, алаңдама, тартынба» атты жас ақындар айтысы өткізілді. 16 қараша 2018 жылы Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында «Саған арнаймын, әсем қалам!» атты қалалық көркемөнерпаздар шығармашылығы фестивалінің 15 жылдығына орай, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық байқаулар жеңімпаздарының Гала концерті өткізілді.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, «Рухани қазына» Жастар жылы бағыты бойынша, ІІ аймақтық «Достар дауысы» атты ашық вокал және шоу- бағдарлама жүргізушілері байқауы - фестивалінің ЕРЕЖЕСІ


Мақсаты мен міндеттері:

  • «Рухани қазына» Жастар жылы бағытына орай, жастардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік туғызып, қолдау білдіру;
  • Вокалдық және шоу бағдарлама жүргізушілік қабілеті бар жас таланттардың арасындағы ашық байқау-фестиваль ұйымдастыру;
  • Дарын иелерінің шығармашылық мүмкіншілектерін айқындау, кәсіби шеберліктерінің өсуіне қолдау көрсету;
  • Тәжірибемен және музыкалық ойлармен пікір алмасу, өнерлі жастардың шығармашылығын әйгілеу.
  • Жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге баулу.

 

Байқау- фестивальдің өту орны мен уақыты:

  • 2019 жылғы 22 ақпанында сағат 15.00-де, Сәтбаев қаласы Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында өтеді.

 

Байқау- фестивальге  қатысу шарттары:

  • Байқау- фестивальқатысушының жасы 18-30 жас аралығы болуы тиіс.
  •  Бекітілген өтінімде міндетті түрде келесі мәліметтер болуы шарт: аты-жөні, тегі, туылған жылы (күні, айы), әндердің атаулары мен авторлары, қатысушының байланыс телефоны, мүмкіндігінше шығармашылық өмірбаяны. 
  • Барлығы баспа және электронды түрдеkdc_satpayev@mail.ru ұсынылады.
  • Байқау- фестивальге қатысушы қалауы бойынша мемлекеттік немесе ресми тілде қатыса алады.
  • Залды көрерменмен қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылар тарапынан берілген билеттерді өткізу және белгіленген дайындық күнінде келіп, міндетті түрде қатысу.
  • Өтініштер 2019 жылдың 11 ақпанына дейін Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайының «Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру» кабинетінде (№5) және kdc_satpayev@mail.ruқабылданады;
  • Байқау- фестивальге қатысушылар басылымдарды (минусовкаларды)MP3 форматында флешкаға салып әкелулері тиіс.(ұялы телефондарға салынған басылымдар қабылданбайды).

      Барлық қатысушылар алғыс хатпен, ал жеңімпаздар дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталады және облыстық «Жас қанат-2019» байқауына тегін жолдама алады.

            Байқау- фестиваль кезеңдері: 2кезеңнен тұрады:

І-кезең: «Шоу - бағдарлама» номинациясы бойынша қатысатын жүргізушілер, «Вокал» номинациясы бойынша қатысатын үміткерді хабарлауы тиіс. Хабарлау мәтінін жүргізушілер өзі дайындайды.  Бұл кезеңде «Вокал» номинациясы бойынша қатысқан өнерпаз қатарынан 2 ән:

  1. Дауысын көрсете алатын кез келген ән. Өз таңдауы бойынша(мемлекеттік және өзге тілдерде орындауға құқылы)
  2. Патриоттық заманауи ән.

Қазылар алқасы дауыстың әнге сәйкес еместігін және байқау- фестивалінің шарттары мен қатысушылардың тәртіп ережесін сақтамаған жағдайда әнді  тоқтатуға құқылы.

ІІ-кезең: Бұл кезеңде қазылар алқасы қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттайды.

 

Бағалау өлшемі:

       1. сахна мәдениеті;

       2. жүргізушінің тіл шебері

       3. әуенділік, саздылық, музыкалық туындының көркемдік жеткізілуі;

       4.дауыс ырғағының тазалығы мен орындау сапалығы;

       5.тембр әдемілігі мен дауыс күші.

Байқау- фестивальдің ұйымдастыру алқасы жоғарыдағы ережеге өзгерту енгізуге құқылы және қатысушы үміткерлердің саны мөлшерден асып отырса өтінімдерді қабылдауды тоқтата алады. Көрермендерге кіру құны 300 теңге.

 

Қосымша сұрақтар бойынша: Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы тел: 32676, 33470, 8 771 527 47 42- Атабавеа Айгерим, 8 747 482 82 91- Ақбергенова Ақбота.

 

07.02.2019


Вернуться назад

Биография

Қанат Төлеш

Руководитель отдела культуры и развития языков
Задать вопрос в блоге
0
© 2014 Отдел культуры и развития языков города Сатпаев
+7 (71063) 34-44-5 satp_kultura@mail.ru
© 2014 Разработка и поддержка: Интернет компания Creatida