«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

2019 жылғы 25 ақпанда Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында дәстүрлі «Достар дауысы» жас ән орындаушылар мен шоу бағдарлама жүргізушілер байқауы өткізілді. Байқауға Сәтбаев Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, «Рухани қазына» Жастар жылы бағыты бойынша, ІІ аймақтық «Достар дауысы» атты ашық вокал және шоу- бағдарлама жүргізушілері байқауы - фестивалінің ЕРЕЖЕСІ 30 қараша – 2 желтоқсан күндері Бұхар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы және Сәтбаев қаласының 45 жылдығы аясында Шынболат Ділдебаевтың атындағы IІ республикалық «Сөйле, тілім, алаңдама, тартынба» атты жас ақындар айтысы өткізілді. 16 қараша 2018 жылы Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында «Саған арнаймын, әсем қалам!» атты қалалық көркемөнерпаздар шығармашылығы фестивалінің 15 жылдығына орай, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық байқаулар жеңімпаздарының Гала концерті өткізілді.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ

«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және оның қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті арттыру мақсатында әзірленді.

1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: қала аймағындағы мәдениет және тілдерді дамыту саласы

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

3. Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту саласында жұмыс істейтін адамдар іс-әрекет қағидалары

 

3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта көрсетілген салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде:

Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын ұстанып іске асыру;

Қазақстан халқы бірлігін және елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға себептесу, мемлекеттік және басқа тілдерді, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін құрметтеу;

адал, әділетті, қарапайым болу, көпшілік мақұлдаған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, азаматтармен, әріптестермен қарым-қатынаста сыпайы және әдепті болу;

құқық бұзушылық және қылмыс жасауға тарту әрекеті туралы басшыға хабарлау;

жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін сақтау мен қорғау, қызметтік міндеттерді орындау кезінде жеке және пайдақор мүдделерді басшылыққа алмау;

маңызды қызметтік шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестері мен басшыларына жүгінуден аулақ жүру;

басқа да адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға бейімдемеу және көтермелемеу;

әріптестеріне, басшылары мен өзге де лауазымды адамдарға сыйлықтар бермеу;

қызметтік өкілеттіктерді орындаумен байланысты сыйлықтар алмау;

мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен басымдықтарды алу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбау;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік таныту;

сыбайлас жемқорлықтың белгілі болған фактілері, сондай-ақ, материалдарды тездетіп қарағаны үшін қандай да бір пайда алуға бейімділігі не болмаса әуре-сарсаңға салу туралы басшылыққа дереу баяндау;

жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұстану және әріптестерінен талап ету;

басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмау тиіс.

 

3.2. өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау мен қабылдау кезінде:

заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделеріне қатысы бар қабылданған шешімдердің айқындығын қамтамасыз ету;

басшы оның қарамағындағы қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйіне және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауына жол бермеуіне дербес жауап береді;

рулық, жерлестік және жеке сенімділік белгілері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;

қарамағындағы қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін нақты айқындау;

қарамағындағы қызметкерлердің арасында еңбек жүктемелерін тең бөлмеуге жол бермеу;

олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ, көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділеттілік пен объективтілік таныту;

нақты орындалмайтын немесе олардың қызметтік міндеттеріне кірмейтін, сондай-ақ, заңнамаға қарама-қайшы келетін тапсырмалар бермеу;

қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қарамағындағыларының қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;

қарамағындағы және басқа да қызметкерлердің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеу және жолын кесу;

қарамағындағы қызметкерлер өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында олардан туындайтын қызығушылықтар жанжалын реттеу жөніндегі жан-жақты шараларды уақытылы қабылдау;

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жан-жақты шаралар қабылдау;

қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою;

қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан аулақ жүру;

қарамағындағыларды қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін тартуға жол бермеу ұсынылады.

 

3.3.нормативтік құқықтық актілер жобаларын даярлау кезінде:

заңдылықтың қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау;

қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істеу, өздерінің іс-әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайту, мемлекеттік қызметтің атына кір келтіретін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеу;

үшінші адамдардың мүдделерін білдіруден, сондай-ақ, олардың атынан іс-әрекеттер жасаудан аулақ жүру тиіс.

 

3.4. Тіршілік әрекеті саласы ерекшеліктеріне байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде

өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға.

 

4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар

1) кадр жұмысын ұйымдастыру кезінде басшыларға меритократия қағидаттарын сақтау кеңес етіледі;

2) тағайындауға материалдарды қараудың белгіленген мерзімдерін сақтау және бақылау;

3) қызметке қабылдау кезінде қызметкеріне жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйымдарды және шектеулерді түсіндіру.

Биография

Қанат Төлеш

Руководитель отдела культуры и развития языков
Задать вопрос в блоге
0
© 2014 Отдел культуры и развития языков города Сатпаев
+7 (71063) 34-44-5 satp_kultura@mail.ru
© 2014 Разработка и поддержка: Интернет компания Creatida