«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

2019 жылғы 25 ақпанда Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында дәстүрлі «Достар дауысы» жас ән орындаушылар мен шоу бағдарлама жүргізушілер байқауы өткізілді. Байқауға Сәтбаев Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, «Рухани қазына» Жастар жылы бағыты бойынша, ІІ аймақтық «Достар дауысы» атты ашық вокал және шоу- бағдарлама жүргізушілері байқауы - фестивалінің ЕРЕЖЕСІ 30 қараша – 2 желтоқсан күндері Бұхар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы және Сәтбаев қаласының 45 жылдығы аясында Шынболат Ділдебаевтың атындағы IІ республикалық «Сөйле, тілім, алаңдама, тартынба» атты жас ақындар айтысы өткізілді. 16 қараша 2018 жылы Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында «Саған арнаймын, әсем қалам!» атты қалалық көркемөнерпаздар шығармашылығы фестивалінің 15 жылдығына орай, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық байқаулар жеңімпаздарының Гала концерті өткізілді.

Бастапқы бет



Құрметті Сәтбаев қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Сіздердің тарапыңыздан мәдениет пен тілдерді дамыту саласында келелі кеңес, ұтымды ой, тың идеялар мен жаңашыл бастамалар бағытында ұсыныстар күтеді.    
Кім біледі, бәлкім бағыңыз ашылып, өз қабілетіңізді толықтай көрсетерсіз. Мүмкін ешкім елемей жүрген талантты азаматтар бар шығар. Сондай дарынды азаматтар Сіздің қысқа ғана ақпаратыңыз бен бейне таспаға жазып алған «видеоңыздың» арқасында білікті мамандардың көзіне түсер, назарына ілігер. Сөйтіп, ел намысын қорғайтын ұлтжанды азаматтарға айналар. Осылай Сіздің де абыройыңыз асқақтап, игілікті ісіңізден рухани ләззат аларсыз. Кім біледі, небір асуларды бағындырып, небір биіктерден (жеңіс тұғырынан) қол бұлғар таланттар алыста емес, Сіздің іргеңізде, тіпті иегіңіздің астында тұрып жатқан да шығар. Қызмет бабымен біздің қолымыз тимей жатқанда, мәдениет пен өнер, тілдерді дамыту саласындағы тың ойлар мен пікірлерді Сіз бізге бірінші болып ұсынарсыз. Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» деген екен. Ендеше, Сіз бен біз бірігіп жұмыс жасайық, оқырман қауым!

 Өздеріңізге деген құрметпен,
«Сәтбаев қаласының  мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» ММ
 басшысы   Қ.Ж.Төлеш

Биография

Қанат Төлеш

Руководитель отдела культуры и развития языков
Задать вопрос в блоге
0
© 2014 Отдел культуры и развития языков города Сатпаев
+7 (71063) 34-44-5 satp_kultura@mail.ru
© 2014 Разработка и поддержка: Интернет компания Creatida